Жеңіл атлетика: жасөспірімдеріміз Азия чемпионатында алты медаль жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
22.04.2025 14:40
168
Даммам қаласында (Сауд Арабиясы) жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Команданың қоржынында бір алтын медаль бар. Оны Полина Кузубова (жетісайыс) жеңіп алды. Онсайыста Асқар Өмірзақ екінші орынға ие болды.
Қола жүлдені Асылзат Қыдырбай (жетісайыс), Дмитрий Шкердин (сырықпен секіру), Эвелина Рябкова және Кирилл Савченко (екеуі де 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) жеңіп алды.
Медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы оныншы орынға тұрақтады. Бірінші орынды Қытай иеленсе, екінші орын Өзбекстан командасына бұйырды, ал Жапония үздік үштікті түйіндеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада жылу маусымы аяқталды
Келесі жаңалық
Еліміздегі Алжир Елшісі дипломатиялық миссиясын аяқтады