Жаңалықтар

Женевада Қазақстан бастаған халықаралық коалиция құрылды

Женевада Қазақстан бастаған халықаралық коалиция құрылды
Фото: ҚР СІМ 30.11.2024 20:13 727

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы қазанда Астанада жариялаған Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) мәселелері жөніндегі жаһандық коалиция Женевада өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, осы мақсатта бас қосқан шетелдік елшілер мен тұрақты өкілдердің орынбасарлары Қазақстанның бастамасын оң бағалап, оны ілгерілету жолдарын талқылады.

Коалиция денсаулық сақтаумен барлық адамдардың бірдей қамтылуына және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жаһандық денсаулық сақтау жүйелерін күшті, әділ және тұрақты медициналық-санитарлық алғашқы көмекке қайта бағыттауға арналған. Қазіргі уақытта оның құрамына Азия, Америка және Еуропадан жиырмаға жуық ел кіреді, бұл бүкіл әлем бойынша МСАК-ты нығайтуға деген ұмтылыстың артып келе жатқанын көрсетеді, - делінген мәліметте.

Женевадағы талқылаулар көптеген елдерді коалицияға қосылуға ынталандыру және МСАК алдындағы ұлттық және өңірлік міндеттемелерді атап өту арқылы кеңірек қолдауды жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев жиналғандар алдында айтқан сөзінде коалиция елдерге МСАК саласындағы көшбасшылықты жаһандық деңгейде көрсетуге және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жұмысына маңызды үлес қосуға мүмкіндік беретініне тоқталды.

ДДСҰ-ның МСАК жөніндегі арнайы бағдарламасының директоры Сурайя Дәліл Ұйымның осы бастаманы қолдауға мүдделілігін растады. Қатысушылар МСАК-тың жаһандық жүйелерін нығайтудағы ұжымдық іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, өз ойларымен және ұсыныстарымен бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға