Жаңалықтар

Жемқорлық бойынша сотталғандардың деректері қолжетімді болмақ

Жемқорлық бойынша сотталғандардың деректері қолжетімді болмақ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 15.09.2023 17:00 1376

Қазақстанда жемқорлық үшін сотталған азаматтың деректері баршаға қолжетімді болады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шара жұмыс берушілерге үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Сондай-ақ парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралып жатыр, – делінген хабарламада. 

Пара беру ұсынысы деп ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық нысанда пара беру туралы анық және түсінікті сөз, ал пара беру уәдесі деп пара беру уақыты, орны, тәсілі туралы хабарламасы бар осындай сөз түсінілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға