Жаңалықтар

«Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқ»: Тоқаев жол сапасын сынады

«Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқ»: Тоқаев жол сапасын сынады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.09.2023 12:13 1041

Мемлекет басшысы жолдауында еліміздегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты. Президент бұған жемқорлық өршіп, ал бәсекенің жоқтығы себеп деп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан темір жолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажет. Сондай-ақ автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы, - деді президент.

2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет. Ал бұдан былай өз міндетін дұрыс ақтара алмаған компаниялар заңмен жауапқа тартылады. Яғни оларға бақылау күшейеді.

Жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдау қажет. Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек, - деді ол.

Президент Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттырып, көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз керектігін тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға