Жемқорлардан тәркіленген ақшаға 62 мектеп жөндеуден өтті
Фото: © iStock
Фото: © iStock
17.08.2023 09:00
766
Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор құрылған сәттен бастап есепшотына 151,6 млрд теңге түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қордағы қаражат арқылы бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды, - делінген Үкіметтің мәліметінде.
Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада басты көшелер екі аптаға жабылады