Жемқорлар қайтарған ақшаға тағы 20 мектеп салынады

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
06.02.2024 20:02
693
Жемқорлар қайтарған ақшаға тағы 15 мыңға жуық оқушыға 20 мектеп салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланды.
Оған мыналар кіреді:
- апатты мектептерді ауыстыратын 2 740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда);
- үш ауысымда оқытуды жою үшін 1 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
- оқушы орнының тапшылығын жою үшін 8 976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
- тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
- екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).
Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында 3 мектептен, Жамбыл облысында 4 мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында 2 мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 мектептен салынады.
Айта кетейік, былтыр білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұлттық экономика министрі - Нұрлан Байбазаров
Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді