Жаңалықтар

Желіде Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады

Желіде Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады
Фото: Жоғарғы сот 11.11.2024 00:07 1082

Әлеуметтік желілерде әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның бұрынғы министрі колониядан қашып кетті. Ол резонос тудырған қылмыстық іс бойынша 24 жылға сотталған болатын,-деп жазылған желідегі ақпаратта. 

Алайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл мәліметті жоққа шығарды және жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Әлеуметтік желілерде жазасын өтеуші Қуандық Бишімбаевтың түзеу мекемесінен қашып кеткені туралы   ақпарат тарауда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Ол қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтеп отыр. Жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз,-делінген ҚАЖК мәліметінде. 

Еске салсақ, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін биыл мамыр айында 24 жылға сотталған болатын. Күні кеше марқұм Салтанат Нүкенованың жылдық асы өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға