Желіде Павлодар облысы әкімінің суретімен таралған жарнама – фейк
Фото: Павлодар облысы әкімдігі
Фото: Павлодар облысы әкімдігі
08.05.2023 07:14
843
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жалған жарнама таратушыларды анықтауды тапсырған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аймақ басшысы соңғы кезде Инстаграм әлеуметтік желісінде өзінің суреті бейнеленген заңгерлік кеңестер беру туралы жарнаманың скриншоттарын жіберіп жатқанын атап өтті.
- Әрине, менің аты-жөнім Жақсылықов Ерасыл емес, мен ешқандай тегін заңгерлік кеңес бермеймін. Сондықтан мен өзімнің заңгерлеріме осы жарнама туралы анықтауды тапсырдым, - деді Асайын Байханов.
Облыс басшысы инстаграмда осындай жарнаманы кезіктірген жазылушыларды сол жарияланымға шағым жасауға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Димаш Құдайбергенге түрік ұлттық музыкалық аспабы сыйға тартылды