Желіде облыс әкімдерінің жасанды интеллект арқылы жасалған жалған видеосы тарап жатыр

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр
26.04.2025 10:40
329
TSARKA CERT жалған ақпарат таратуға қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
TSARKA CERT мамандары облыс әкімдері мен басқа да шенеуніктердің бейнелерімен жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған шындыққа жанаспайтын видеороликтер анықталғанын хабарлады.
Бұл жалған ақпарат боттар арқылы жаппай тарату арқылы қолдау табуда. Аталған боттар, сондай-ақ, 7 және 9 мамыр күндері өтетін «Мәңгілік полк», «референдум» сынды рұқсат етілмеген акцияларға ақшаға қатысуға шақырып жатыр.
Мамандар әлеуметтік желілерде арандатушылыққа ермеуге және кез келген ақпаратты бірнеше көзден тексеруге кеңес береді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
ТЖМ күштері СҚО-ғы бөгеттерді нығайтуда