Жаңалықтар

Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың інісімен түскен суреті тарады

Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың інісімен түскен суреті тарады
Фото: Кадр из видео/Youtube/AINA TV 06.11.2023 11:02 2726

Әлеуметтік желіде еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевпен түскен суреті тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірақ суреттің қай уақытта түсірілгені белгісіз. Тұңғыш президент ауруханада жатқан інісінің халін сұрап барған секілді. Себебі 3 қараша күні Болат Назарбаев миокард инфарктіне байланысты Алматыдағы ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған. БАҚ өкілдері Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз екенін жазып жатыр.

Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың інісімен түскен суреті тарады
t.me/egovpress

Көпшілік Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына да алаңдай бастаған. Себебі ол Теміртау шахтасында болған апатқа байланысты көңіл айтқан жоқ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға