Жаңалықтар

Желіде комада жатқан сарбазға қатысты жантүршігерлік видео тарады

Желіде комада жатқан сарбазға қатысты жантүршігерлік видео тарады
Фото: видеодан алынған кадр 22.08.2024 10:40 1335

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі әскерде қызмет ету кезінде басынан жарақат алған әскери қызметкердің жағдайына түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде әскери қызметкер Ербаян Мұхтар туралы видео пайда болды. Видеода оның әскерге өз еркімен кеткені, кейінірек ауруханаға түсіп, дәрменсіз күйде жатқаны көрсетілген.

 Жігіт алты айдан бері комада жатыр. Сарбаздың жағдайын қатысты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Қатардағы жауынгер Мұхтардың басынан соққы алуына байланысты Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қажет сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеу әлі де жүріп жатыр. Тергеу барысы ІІМ басшылығының жеке бақылауында, - делінген ведомство хабарламасында. 

Ведомство мәліметінше, реабилитациялық емнен кейін Ербаянның ата-анасының сұрауы бойынша сарбаз үйіне жіберілген. Қазіргі таңда сарбазға мүгедектік рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға