Жаңалықтар

Желіде Дәулет Тұрлыхановтың баласының төбелесінен жаңа кадр жарияланды

Желіде Дәулет Тұрлыхановтың баласының төбелесінен жаңа кадр жарияланды
Фото: Бейнежазбадан алынған кадр 05.04.2023 10:05 1366

Желіде белгілі спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың төбелес кезінде түсірілген жаңа видеосы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматыдағы сауда орталықтарының бірінің жанындағы көлік тұрағында болған. Оның барысында қызды жақтауға тырысқан ерлі-зайыптылар Анна Дмитриевич пен Олег Чернов зардап шекті.

Жарияланған кадрларда жас жігіттің алдымен ер адамды ұрғаны, содан кейін Аннаның бетінен соққы жасағаны көрсетілген.

Анна Димитриевич видео әлеуметтік желілерде тараған соң Instagram-дағы парақшасында жариялағанын мәлімдеді.

Ол видео өзінде, жұбайында және Алматы Бостандық ауданы ПБ полиция қызметкерлерінде болғанын айтады.

"Видеоны тарату біздің бастамамыз емес екенін бірден айтайын. Кейбір пікір жазушылар біз депутаттың баласы тұрған жерге қалай тап болғанымызды сұрапты. Ол әскерде болған, ал біз өз жолымызбен басқа орында демалдық.Ал енді негізгі сұрақты мен қояйын. Нұрасылды Алматыға 200 шақырымдай жердегі әскери бөлімнен біз демалып жатқан жердің қасына кім алып келді, қалай жетті? Айтпақшы, көше камераларынан түсірілген видеоны зерттей отырып, жанжал біз келгенге дейін басталғанын көруге болады",  деп жазды Дмитриевич Instagram желісінде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЮРИСТЫ | АДВОКАТЫ🇰🇿АЛМАТЫ ©️ (@pro.pravo.kz)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға