Желіде Қазақстанда локдаун жарияланатыны туралы ақпарат тарады
Бұл ақпаратты ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды
Фото: pexels
Фото: pexels
12.08.2022 16:44
973
Әлеуметтік желіде Қазақстанда пандемияның жаңа толқыны басталып, 1 қыркүйектен локдаун жарияланатыны туралы ақпарат тарады. Бұл – жалған, деп хабарлайды El.kz stopfake.kz-ке сілтем жасап.
«Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкін болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шет елдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді Ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазіргі кезде карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ», - деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Бөлісу:
