Желіде апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің әңгімесі тарады
Желіде Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың экипажы мен Грозныйдағы диспетчердің сөйлескен әңгімесі тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ВЧК-ОГПУ телеграм арнасынынң мәліметінше, бастапқыда ұшақта ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы қолданылатын "глушилка" қосылған. Ұшақ қону үшін төмен түсе бастағанда ұшақтағы GPS жұмыс істемей қалған. Мұндай жағдайда қона алмайтынын түсінген пилот Бакуге ұшып кетпек болған сияқты.
Олардың әңгімесіне қарағанда, ұшақ құстармен Грозный уақыты бойынша сағат 8.16-да соқтығысқан.
Ұшақ бірнеше рет қонуға тырысқан.
Бастапқыда ұшақ Минеральные Водыдағы аэродромға қонуы керек болған. Ауа райын байланысты ол жүзеге аспай қалған.
Осы кезде борттан шұғыл сигнал берілген.
Сағат 8.27-ден кейін экипаж Ростовтағы дичпетчермен сөйлескен.