Желіде әнші Ұланғасыр Қамиевтің мас күйде төбелескен видеосы тарады
31.07.2023 15:28
3297
Соңғы жылдары танымал бола бастаған әнші Жетісу облысының Үшарал қаласындағы тойда масайып қалып, қонақтармен төбелес шығарған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Ұланғасыр Қамиевтің алдымен үйлену тойында ән айтып, сонан соң мас әрі жартылай жалаңаш күйде соққыға жығылғанын көруге болады.
Оқи отырыңыз:
- Тойға арнайы жасақ келген: Ақтауда қонақтар мен полиция қызметкерлері арасында жанжал туындады
- Ұлытау облысында жас жігіт суға батып кетті
Оқырмандар бұл оқиға 29 шілдеде болғанын жазып жатыр.
Өңірлік полиция Алакөл аудандық полиция бөліміне бұл іске қатысты арыз түспегенін алға тартты.
Дегенмен тексеріс барысында әртістің мерекелік іс-шарада мас күйде болғаны расталды. Той халал өткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында су мотоциклін жүргізген демалушы аяқсыз қалды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты