«Жел. Жаңбыр. Бұршақ». Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, ауа температурасы 18 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан бойынша 2023 жылдың 22-24 тамызына арналған ауа райы болжамын Қазгидромет жариялады. Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде атмосферада жақсы жылыған және тұрақсыз ауа массалары сақталады, олар жауын-шашынды болады. Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп күтілуде, - делінген синоптиктер мәлімдемесінде.
Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз 18-24 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, қалған аумақта температура фонында айтарлықтай ауытқулар күтілмейді.
