Жаңалықтар

Жел, көктайғақ: 13 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жел, көктайғақ: 13 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.10.2024 05:33 687

Қазгидромет 13 ақпанда еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында бұрқасың күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қөқтайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының оңтүстігінде шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астанада түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға