Жаңалықтар

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді
Жексенбі күні еліміздің  басым бөлігінде жауын-шашын жауады
Фото: inform.kz 06.11.2022 09:25 2338

6 қарашада Қазақстан өңірлерінде құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте жаяу бұрқасын болса, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ күтіледі. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар түседі. Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.  Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға