Жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
![Жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды Жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды](/storage/storage/element/2024/11/29/mainphoto/132014/1200xauto_nNjkD3uqoaNBnRoCZigky5j3zjhq5EqJtsSLwf5P.jpg)
Алматыда жеке сот орындаушысы әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар заңбұзушылықтарға жол берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала прокуратурасының мәліметінше, алимент өндіріп алуға байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу кезінде заңбұзушылықтар анықталды. Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созбалаңдыққа салуға жол берген.
Сондай-ақ, бұғаттауларды заңсыз алып тастау, берешектерді өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу жағдайлары анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)