Жаңалықтар

Жеке куәліктің көшірмесін жинауға тыйым салынбақ

Жеке куәліктің көшірмесін жинауға тыйым салынбақ
Фото: senate.parlam.kz 30.11.2023 16:28 1013

Сенат депутаттары 30 қарашадағы жалпы отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер туралы заңды екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Құжат мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектiлерiмен интеграция болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектiнi анықтау мүмкiн болмаған жағдайларды қоспағанда, заңда көзделген жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмесін жинауға және өңдеуге тыйым салуды белгiлейдi.

Заң дербес деректердің айналымы мен сақталуы бағытында мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Дербес дерекке ие операторлармен профилактикалық жұмысты жолға қояды, - деді депутат Бибігүл Жексенбай сенаттың бүгінгі отырысында.

Әр оператор дербес деректер жария болып кеткен жағдайда реттеуші мемлекеттік органға хабарлауы заңмен бекітіліп отыр

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға