Жеке куәлік ұрлаған алаяқ қарағандылық тұрғынның атына алты несие рәсімдеген

Фото: © iStock
Фото: © iStock
27.04.2023 16:00
750
Қарағандыда алаяқ біреудің құжатын пайдаланып, оның атына алты несие рәсімдеген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қарағанды қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 37 жастағы ер адам арыз түсірген. Оның айтуынша, қаладағы түрлі микронесие ұымдарынан несие алған. Келтірілген шығын мөлшері анықталған жоқ.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы күдікті ер адам анықталды. Ол қылмысын толықтай мойындады. Қазіргі таңда, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
