Жаңалықтар

Жеке кәсіпкер болу үшін не істеу керек?

Тұтынушылар заңды тұлғаға көбірек сенім артады.
Жеке кәсіпкер болу үшін не істеу керек?
Фото: astana-akshamy.kz 20.08.2022 20:41 4215

Ешкімге мұқтаж болмай тәуелсіз адам ретінде кәсіпкерлікке кірісу туралы шешім қабылдап, маңызды қадам жасағаннан кейін, көбі мәселенің заңды жақтарымен айналысқысы келмеуі немесе оны қаламауы тәрізді мәселемен бетпе-бет келеді.

Бұл ретте ЖК ашу, өз қызметін тіркеу – ресми ынтымақтастық пен басқа да компаниялар және ұйымдармен әріптестік қатынастар орнатуға, сондай-ақ өзіне еңбек шарты бойынша қызметкерлерді жалдауына мүмкіндік береді.

Ал егер сіздің қызметіңіз ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде жылдық табыс әкелетін болса, онда ЖК болмағандығынан әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Сонымен қатар тұтынушыла заңды тұлғаға көбірек сенім артады.

ЖК тіркеу үшін сізге өзіңіздің ЖК туралы мәліметтерді көрсететін elicense.kz электрондық лицензиялау порталы арқылы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы салық органына хабарлау жеткілікті, салық салу режимін және өзіңіз бекітілетін салық органын таңдаңыз.

Хабарлама жіберілген сәттен бастап бизнеспен айналысуға мүмкіндік береді және ЖК ресми түрде тіркелген болып есептеледі.

Хабарлама беру бойынша қызмет 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Автор: Руслан Мухамадеев

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға