Жаңалықтар

Жедел жәрдемді шақырту үшін ешқандай кедергі жоқ - Ақмарал Әлназарова

Жедел жәрдемді шақырту үшін ешқандай кедергі жоқ - Ақмарал Әлназарова
Фото: t.me/KZgovernment 26.09.2024 14:27 480

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметіне қандай өзгерістер енгізілетінін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдем қызметінің қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін жобада халыққа тәулік бойы көрсетілетін жедел жәрдем қызметтерін шектеу туралы норма жоқ. Халық үшін жедел жәрдем 24/7 режимінде 103 нөмірі бойынша қолжетімді болып қала беретінін айта кеткен жөн. Өзгерістер шақыртуларға қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасын арттыру мақсатында емханалардың жанынан құрылатын бригадаларға қатысты. Мобилдік бригадалардың санын көбейту туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, балаларға медициналық көмек қажет болған жағдайда, шығу педиатрдың, ал ересек тұрғындарға - бейінді мамандардың (кардиолог, невропатолог және т.б.) қатысуымен жүзеге асырылады, - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, бір бридаға түсетін жүктеме көлемі азаяды.

Бұған дейін бір бригада 35 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа қағида бойынша-25 мың адамды қамтиды. Мобилдік бригаданың жұмысы емхана ұйымдарының жұмыс уақытымен үйлестірілетін болады. Сағат 20.00-ден кейін және демалыс күндері-шақыртуларға қызмет көрсетуді жедел жәрдем бригадалары жүргізеді. Бұл норма жедел жәрдем қызметін ұзақ күтудің төмендеуіне ықпал етеді және тұрғындарға 103 нөмірі бойынша жедел жәрдемді шақырту үшін ешқандай кедергі жоқ, - деп жазды Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасын әзірледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға