Жаңалықтар

Жеңісті жақындатқан ақмолалықтар

Соғысқа қатысқан ақмолалықтардан 47 Кеңес Одағының Батыры атағын алса, «Даңқ» орденнің үш дәрежесімен 7 жауынгер сыйланған.
26.03.2015 04:00 7654

Соғысқа қатысқан ақмолалықтардан 47 Кеңес  Одағының Батыры атағын алса, «Даңқ» орденнің үш дәрежесімен 7 жауынгер сыйланған. Бүгінгі топтамада сол батырлар мен қатар  соғыстан соң Тың игеру науқанына қатысқалы  шеттен келген батырлар кіріп отыр.

Ерлігі дастан болып өрілген батыр.

Жеңісті жақындатқан ақмолалықтар

Ақан Құрманов 1918 жылы  қазіргі Атбаср ауданы Қосбармақ ауылында дүниеге келген.  Ұжымшарда жұмыстап жүріп1939 жылы  Қызыл армия қатарына алынады. Кіші командирлер даярлайтын курс бітіріп, кіші командир атағын алады.  Соғыс жылдары 61-армияның 76- гвардиялық Чернигов атқыштар дивизиясы 234- полкінің  екінші ротасында бөлімше командирі болады. Ақан құралайды көзге атқан мерген.   Кеңес Одағының батыры атағын 1944 жылы Днепрден өту кезінде ерекше тапсырма орындап, негізгі күшке жол ашып, шайқаста ерен ерлік көрсеткені үшін алған. Ақан  осы шайқаста  зеңбірек оғынан мерт болады.  Зираты Украина, Чернигов облысы Мысы селосында.   Атбасар ауданы Қосбармақ ауылында мемориал дық ескерткіш қойылған. Атбасар қаласында А.Құрманов атында көше, Астана қаласында бір мектепте аты берілген. А.Құрманов жайлы батырдың қанды көйлек досы Жәлел Қизатов «Ақан батыр» атты дастан жазған. Ақан қайтыс болғанда Жәлел досы бірге болғаны, оның ерлігі  дастанда баяндалады. Ж.Қизатовта осы Ақанмен бірге  Днеперден өтерде ерен ерлік көрсеткені үшін Кеңес Одағының батыры атағын алған болатын.

Ерлігігімен  әйгіленген Шортандылық батырлар.

Жеңісті жақындатқан ақмолалықтар

Федор Филиппович Глинин  1922  жылы Шортанды ауданы Қамысты ауылын да туған.  Тамбовтағы  Қызылту орденді , әуе күштері  училищесін 1942 жылы  бітіреді. Ол 1942 – 1945 жылдары 59 – гвардиялық атқыштар дивизиясының,  176 полкның екінші атқыштар батальоны командирінің орынбасары болады.

Оңтүстік батыс және 2, 3, 4 Украйна фронтында   соғысқан. Батыр атағын 1944 жылы 4- желтоқсанда Дунай өзенінен өту кезінде көрсеткен  ерен ерлігі және полкты адам және техниканы шығынсыз алып өткені үшін алған. Соғыстан соң Көкшетау қаласында тұрған. Шортанды ауданы Жолымбет кентінде көше аты берілген. 

Жеңісті жақындатқан ақмолалықтар

Константин Потапович Кайдалов 1917 жылы  года   Буриатияның   Ескі Чукрай селосында туған.   1933 жылдан бастап  Шортандыдағы жиһаз комбинатында ағаш ұстасы болған.  1942 жылы Қызыл Армия қатарына алынады.   Батыс фронттың  үшінші армиясының 179  - артилериялық полктың   орудия командирі болады.  1943 жылы Днеперден өту шайқасында ерен ерлік көрсетіп Кеңес Одағының батыры атағын алады.   Ол Украйнаны, Польшаны, азат етуге қатысқан. К.П.Кайдаловқа Шортанды кентінен көше аты беріліп, мебель фабрикасында мемориалдық тақта орнатылған.

Жеңісті жақындатқан ақмолалықтар

Виктор Иванович Шишлянников 1923 Волгаград облысында туған.  1931 жылы Шортандыға қоныс аударған.  1938  Шортандыдағы жиһаз комбинатында слесарьдың көмеккшіс, слесарь болып жұмыстап жүріп, 1942 соғысқа аттанады. Пензадағы артиллерия училищесінде курстан өтеді. Киев облысы Гребени ауылы маңынан Днеперді кесіп өту шайқасында ерен ерлік көрсеткені орудияны шебер басқара білгені жоғары бағаланып 1943 жылы Кеңес Одағының батыры атағымен силанады.Соғыстан соңда әскери қызметте болды. Бірақ соғыста алған ауыр жарақатынан болып 1954 жылы қайтыс болады Батырға  Шортанды кенті нен  көше аты беріліп, мебель фабрикасында мемориалдық тақта орнатылған. 

Қазақстан тыңына  түрен салған батырлар.

Жеңісті жақындатқан ақмолалықтар

Данил Потапович Нестренко 1918 жылдың 24 желтоқсанында Днепропетр овский облысы Магдалин ауданы  Минавка ауылында дүниеге келген. Курдюмовскийдегі орта мектептің 7- сыныбын одан, механизаторлар курсын бітіріп, тракторист болады. 1939 жылы Қызыл Армияға алынып, қызметін Сибирде өткізеді. Соғыс бастала соғысқа аттанып, 1941 жылы жарақаттанады. Курск доғасындағы шайқаста «Ерлігі үшін» медальмен силанады.  1943 жылы қыркүйекте  Днепр өзенінен өту шабуылында, орталық фронттың  61 армиясы ның 12- атқыштар дивизиясының   37- атқыштар полкының  ефрейторы Д.Нестр енко басқарған пулеметшілер бөлімшесі ерен ерлік көрсетіп, пулеметпен жауға тосқауыл қойып негізгі күшті өткізуге көмектеседі.  Д. Нестренконың осы ерен ерлігін жоғар бағалап 1944 жылы 15 қаңтарда Кеңес Одағының батыры атағын береді.  Соғысты Берлинде пулеметшілер взводының командирі лауазымымен аяқтайды.  Соғыстан соң Донецкий облысында такторшы – комбайнер болып жүргенде, Сталинский облысы партия комитетінің жолдамасымен 1954 жылы 9 науырызда Қазақстанға тың игеруге келеді.Д. Нестренко  Есіл ауданының «Дальний» совхозында трактор – егіс бригадасының бригадирі болады.  Бірақ ұзамай 1954 жылдың сәуір айында Жаныспай өзенінен жаңа  алған  тракторлар ды өткізу кезінде қайғылы қазаға ұшырайды. Батырға «Дальний» ауылында ескерткіш тұрғызылып, көше аты берілген.

Жеңісті жақындатқан ақмолалықтар

Ишхан Барсегович Сарбекян 1912 жылы Арменияның Иджеванский аудан ының Кошката ауылында туған. 1941 жылы Қызыл Армияға шақырылып, соғыс бастала, соғысқа қатысады. Аға сержант И.Сарбекян басқарған 4 Украйна фронтының  51- армиясының  417- атқыштар дивизиясының 1369 - полкның пулеметшілер бөлімшесінің атқыштары Севастопольды алу шайқасында ерен ерлік көрстеді. Бөлімше 1944 жылы 7 - мамыр күнгі 9 сағатқа созылған  шайқаста Сапунгор  тауына бекінген жаудың 5 тірек позициясын және  жаудың 50 аса солдат, офицерлерін жояады И,Сарбекян жараланып қалсада, ұрыс алаңын тастамай, жау дотын, граната лақтырып құртады. Осы ерлігі үшін 1945 жылы 24 науырызда Кеңес Одағының батыры атағын алады. Соғыстан соң Қазақстанға тың игеруге  Есл ауданының Курск ауылын келеді. Сонда еңбек етіп тұрып, 1990 жылы қайтыс болады. Ауылда көше аты берілген. Сапуангордағы мемориалдық тақтада  аты жазылған.

«Даңқ» орденінің толық кавалері атанған барлаушы.

Жеңісті жақындатқан ақмолалықтар

Барлаушы Әлмұқан Сембинов 1924 жылы Ақмола ауданы Жаңабірлік ауылында дүниеге келген.  1942 жылы қызыл әскер қатарына шақырылып, 1210 - атқыштар полкының барлаушылар взводына қосылып, соғыстың соңына дейін алғы шепте соғысқан..

1944 жылдың жазында Беларусь жерінде Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып өтіп, Быхов қаласына азат ету үшін болған ұрыста ерен ерлігімен көзге түсіп ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен  соңынан. «Қызыл Жұлдыз» орденінмен марапатталады.

1945 жылдың сәуір айында Ә.  Сембинов бөлімшесін бастап жау тылында Одер өзенінің жағасындағы Мюльроз қаласы  және Шеспцинг елдімекеніні маңында бронды көліктерге шабуыл жасап екі жолыда  бірнеше  жау солдатын, офицерімен қатар тұтқынға алды.  Соңғы жолы серіктерін тұтқындарды алып шегініп кетуіне жағдай жасап, жауды  бөгеу үшін Әлмұқан жалғыз атысып, жалғыз өзі он шақты дұшпанның көзін жояды. Осы жорықта көрсеткен ерлігі үшін Әлмұқан Сембинов ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.

Әлмұқан ұрыс кезінде бірнеше рет жеңіл жараланса да, алғы шептен кетпе ген.  Көптен күткен Жеңіс күнін  қаруластарымен бірге қарсы  алады. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін Әлмұқан Сембинов 1945 жылдың 15 мамырында І дәрежелі «Даңқ» орденін кеудесіне қадайды. Осылайша, жиырма бес жасында «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды. Сөйтіп, Кеңес Одағының батыры атағымен бірдей дәрежеге ие болады.

Ә.Сембинов 1951 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша бітіріп,  Целиноградта жаңа ашылған  Құрылыс техникумының ең алғашқы директоры болады. Жеңіс күнін жақындату үшін басын бәйгеге тіккен батыр бейбіт күннің қызығын көп көре алмай 1972 жылы ерте өмірден озады.


Дайындаған: Дахан Шөкширұлы Жәмші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға