Жаңалықтар

«Жеңіс жұлдыздары» атты экскурсиялық сайыс өтуде

«Жеңіс жұлдыздары» қалалық сайысы
18.04.2016 10:03 4397


«Жеңіс жұлдыздары» атты экскурсиялық сайыс өтуде

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

«Жеңіс жұлдыздары» атты экскурсиялық жаяу жүруден қалалық

сайыс өтуде. 

«Жеңіс жұлдыздары» атты экскурсиялық сайыс өтуде 

Сайыс «Менің Отаным-Қазақстан» Республикалық туристік экспедициясын және «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасын жүзеге асыру аясында өткізілуде. Сайысты ұйымдастырушы — Астана қаласының Білім басқарамасы «жас саяхатшылар станциясы» болып табылады. Сайыстың басты мақсаты оқушыларды Туған өлкеге деген сүйіспеншілікке, қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу, қызметтің белсенді түрлерін дамыту, туған қаланың тарихына танымдық қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін және  іздеу-зерттеу дағдыларын жетілдіру болып табылады.

«Жеңіс жұлдыздары» атты экскурсиялық сайыс өтуде

Жарысқа елордалық 2-10 сынып оқушылары сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдері, үйірме жетекшілері және т.б басшылығымен  орыс және қазақ тіліндегі экспедициялық жасақтар қатысады. Экспедициялық отрядтың құрамы 15 адамнан кем емес.Сайыс екі кезеңде өткізеледі:

Бірінші кезең-тақырып таңдау, өлкетану материалдарын зерделеу, жол бағытын, жол бағытының қағаздарын ресімдеу, экскурсия жүргізушіні дайындау.

Екінші кезең — жол бағытын жүру, жобаны әзірлеу, ұйымдастыру бөліміне шығармашылық есептерді  тапсыру.

«Жеңіс жұлдыздары» атты экскурсиялық сайыс өтуде

Мэлс Абенов, жас саяхатшылар станциясының басшысы:

—    Бүгінгі жарысқа әр мектептің мықтылары жиылып отыр. Ауданның жеңіпаздары қалалық жарыста бағын сынайды. Жоспар бойынша жарысқа қатысушылардың жалпы саны 200 мыңға жетеді деп жоспарлануда. Шараның алғашқы жыл өткізіліп жатқанына қарамастан балалардың қызығушылығы өте жоғары. Дегенмен, өкінішке қарай жаттығу алаңдары барлық мектептерде жоқ. Меніңше бұл жарыс арқылы Қазақстан туризмін дамытуға үлкен үлес қосамыз деп есептеймін.

Жарысты тамашалау үшін Германия мемлекетінен туризм саласының маманы Гюнтер Дресс есімді азамат келді. 

«Жеңіс жұлдыздары» атты экскурсиялық сайыс өтуде

Гюнтер ДРЕСС, туризм саласының маманы:

—    Мен осы жарыс өтетінін естіп арнайы Германияның Бавария қаласынан келіп отырмын. Қатысушыларға айтарым, қанша қиын болса да, тайсалмай барлық кедергілерден өтуге тырысыңдар. Өйткені өмірдің өзі кедергілерден, қиындықтардан тұрады. Бүгін нағыз мықтылар анықталады деген ойдамын.

 «Жеңіс жұлдыздары» атты экскурсиялық сайыс өтуде

Шығармашылық есептен бөлек отрядтың экскурсия жүргізушісінің жұмысы «Үздік экскурсовод» номинациясы бойынша бағаланады. Ол үшін сайыс материялдарымен бірге маршрут бойындағы экскурсия жүргізушінің жұмысын видеоролик түрінде жіберу керек.

 «Жеңіс жұлдыздары» атты экскурсиялық сайыс өтуде

Жалпы бағыт ұзақтығына келесі нормативтік талаптарды ескеру қажет:

  • бірінші жас санаттары 2-4 сыныптар — 1 ден 3 км дейін;
  • екінші жас санаттары 5-8 сыныптар — 3 тен 5 км дейін;
  • үшінші жас санаттары 9-10 сыныптар — 5 тен 7 км дейін.

Қалалық конкурс 2016 жылғы 10 наурызынан бастап 28 сәуірге дейін жалғасады.

Жеңімпаздарды марапаттау және қорытындысын шығару: Қалалық сайыс қорытындысы бойынша ұсынылған материалдар сапасы және қатысушылар саны, талаптарына сәйкес әрбір жас тобына  бірінші, екінші, үшінші орындар белгіленеді. Марапаттау рәсімі 2016 жылдың 28 сәуірінде өтеді. Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және Білім басқармасының дипломдарымен марапатталады.


Рүстем ӘЛПИ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға