Жеңілдетілген автонесие: банктер өтінім қабылдауды тоқтатты
банктер 90 миллиард теңге сомасындағы 11 825 өтінімді мақұлдады
Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨДҚ) жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аралық нәтиже туралы айтты, деп хабарлайды El.kz.
– 13 шілдедегі жағдай бойынша жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысушы банктер 90 миллиард теңге сомасындағы 11 825 өтінімді мақұлдады, ол бойынша жалпы сомасы 59,546 миллиард теңгеге 7 852 автомобиль берілді, - делінген хабарламада.
Өтінім қабылдаған банктер:
"Еуразиялық Банк" АҚ 25,4 миллиард теңге сомасында 3 248 өтінімді мақұлдады;
"Банк ЦентрКредит" АҚ 27,7 миллиард теңге сомасында 3 647 өтінімді мақұлдады;
"Қазақстан Халық банкі" АҚ 23,1 миллиард теңге сомасында 3 009 өтінімді мақұлдады;
Forte Bank АҚ 14,4 миллиард теңге сомасында 1 921 өтінімді мақұлдады.
– Қазір қатысушы банктер автонесие беру бойынша қорытынды рәсімдерді жүргізуге байланысты қаржыландыру лимиті босатылғанға дейін өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты, - деді қор өкілі.
Қор өкілі лимиттер шеңберінде қаражат болған жағдайда қатысушы банктер өтінімдерді қабылдауды қайта бастауды жоспарлап отырғанын атап өтті.
– Бұл ретте "Еуразиялық банк" АҚ 10 миллиард теңге көлеміндегі кезекті траншты алу рәсімін бастады, оны келесі айда аяқтау жоспарланып отыр, - деді баспасөз қызметі өкілдері.
