Жаңалықтар

ЖАЗЫҒЫМ НЕ?

ЖАЗЫҒЫМ НЕ?
28.08.2014 06:41 3094

Аталған салалар бойынша жұмыс жоспары ұзақ мерзімге арналып жасалынып, айқын жетістіктерге жететіндей болуы керек. Біз қазақтар ортасында коммунизм идеясын тарату жұмысын қазақ халқына қызмет етуге даярланған үгітшілер мен насихатшыларды Қазақстанға толтыру арқылы, не бол- мағанда қазақ тілінде əдебиетті мол етіп шығару арқылы, ал дұрысында, осы екі тəсілдің екеуімен де жолға қоя аламыз. Бірақ мұның алғашқысы немесе соңғысы болсын, ең басты негіз – қазақ тілінде оқулықтар жасалмайынша бос қиял болып қала береді.

Қандай болмасын тілде дұрыс оқып, жазу үшін алдымен осы тілдің ережелерін білу қажет, ал тілдің ережелері осы тілдің өзінен, оның қасиеттері мен заңдылықтарынан келіп шығады. Қазақ тілі жеткілікті түрде танылып, зерттелген жоқ. Тіліміздің өзіне тəн ерекшеліктері мен қағидаларын игере отырып, зерттеу үстінде оның ережелерін тұжырымдауға тура келеді. Ереженің əрқайсысы оның дұрыстығын растайтын халықтың ауыз əдебиетінен алынған көптеген үгіт-нұсқаларын зерделеп түйіндеуден келіп шығады. Бір сөзбен айтқанда, бұл жұмыс қиындығы мол, еңбекті көп керек ететін іс, көп уақыт пен орнықтылықты қажет етеді.

Мен қазақтар арасында жүргізілетін мəдени істердің ішінде қазақ тілінде оқулықтар жазу жөніндегі жұмысымды өзімнің басты қызметім санай отырып, өзге жұмыстарға тек аса қажеттілік туғанда ғана белгілі мөлшерде уақыт бөліп отырдым. Мен РКП программасын (бағдарламасын) ұзақ уақыт бойы қазақ халқын азат етудің жолдарын іздестіруден соң барып қабылдаған едім. Өтінішімнің 3, 4 жəне 5 бапта- рында мен неліктен партияға кіретінімді айқын жазған едім. Партияның бағдарламасын ешқандай жеңіл ойсыз жəне өзімді өзім алдаусыратпастан саналы түрде қабылдай отырып, мен өзімнің пікірімді айтуға құқым бар деп есептеймін, қазақтар арасындағы жұмыстардың бағыттары мен əдіс-тəсілдері жай- ында өзіндік ой-пайымдауларымды білдіруге еркінмін деп санаймын.

Халық ағарту комиссары бола отырып, КЦИК (ҚОАК) төралқасының мүшесі əрі қазақ оқулықтарын жасау жөніндегі редакциялық алқаның төрағасы ретінде мен екінің бірін таңдауға: не қазақ тілінің оқулықтарын даярлау ісімен айналы- суды, немесе шынын айтатын болсақ, мен сияқты басқа да қазақ жолдастарға ешқандай пайдасы жоқ партиялық жиналыстарға қатысуды қалауға мəжбүр ететін жағдайға тап болдым. Мен мұның алғашқысын қаладым, неге десеңіз, өзімді қазақ тілі турасындағы еңбекке икемдірек жəне пайдалырақпын деп ойлаймын. Бұл саладағы менің қызметім партиялық жина- лыстардағы отырыстармен салыстырғанда анағұрлым нəти- желірек болатындығына еш шүбəм жоқ.

Партия жиналыстарына жұмсалуға тиісті уақытты мен босқа (ойын-сауыққа) йаки партия қызметіне еш пайдасыз істерге жұмсаған болсам ғана, жиналысқа қатыспауым тура- лы айыпталуымның мəн-мағынасы болар еді. Дəл осы сияқты жарнаны уақытысында төлемеуім жөніндегі кінəлауды да ба- спа станогы РКП қолында болмаған жағдайда орынды болар ма еді, ал станок партия қолында тұрғанда мүшелік жарнаның төлену мезгілі партиялық істерде айтарлықтай маңызды рөл ойнамайды.

Менің Алашорда ұйымына қатысуым туралы айыпталу- ыма келсек, бұл жөнінде мені партияға алған партия ұйымы жақсы білді. Менің өтінішімді жəне партияға кіргенімді ха- барлап,  өлкелік  басылымда  жария  еткен  де  солар  еді.  Мен

«Алашорданы» алғашқы құрушылардың бірімін жəне осы ұйымның ішінен Кеңес өкіметін бірінші болып мойындаған да мен едім. Кеңес үкіметі жағына шығуға мəжбүр етілдім дейтіндер жаңылысады. Бұған аса қажеттілік ол кезде болған жоқ, өйткені мен Кеңес үкіметі жағына 1919 жылдың басында, Колчак əскері Самара маңында тұрғанда өткенмін.

Осы айтқанымды ескере келе, менің іс-қимылдарымның маңызы  кемдеу  жағын  көріп,  жұмысымның  маңыздырық тұстарын көрмеген партияны тазалау жөніндегі аудандық ко- миссияға мүше жолдастардың бұл іске қатынасында жеткілікті дəрежеде байыптылық таныта алмаған деп түйемін. Егер де мені коммунистік идеяға қайшы келетін əрекеттерім үшін пар- тиядан шығаратын болса, жұмған аузымды ашпас едім. Он- дай қадамдар мен қылықтарға мен барғаным жоқ, сондықтан мені партиядан шығару туралы комиссияның қаулысын қанағаттандырарлық негізі жоқ деп есептеп, оны өзгертуді өтінемін.

Ахмет Байтұрсынұлы. 1921-ші жылдың 15-қарашасы.

"Ел - шежіре"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға