Жаңалықтар

Жазира Орақбаева бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Жазира Орақбаева бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
Фото: ҰОК 06.04.2025 10:32 347

Қазақстандық боксшы Жазира Орақбаева Бразилияның Фос-ду-Игуасуда өтіп жатқан Әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың финалдық бәсекесінде италиялық Элен Лусия Аяримен кездесуі керек еді. Алайда Италия спортшысы жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды.

Осылайша, Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) Әлем кубогының кезеңін алтын медальмен аяқтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға