Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан универсиадада қазақстандық спортшыларымыз алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дзюдошы Жұбатқан Сұңғат жекпе-жек сайыста елімізге қола медаль әкелді. Бұл үлкен жетістік. Спортшымызды, барлық отандастарымызды жарқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймын! Жасына қарамастан, Сұңғат қазіргі Олимпиада чемпиондарымен тең дәрежеде өнер көрсетті, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан хабарламада.
Түрлі сайыстар 8 тамызға дейін жалғасады.
Бөлісу:
