Жазғы олимпиада: ерлер мен әйелдердің үлесі қандай болған?

Париж Олимпиадасында тұңғыш рет ерлер мен әйелдердің үлесі 50/50 пайызды құрайды. Ал Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына баратын 80 спортшының 54-і – ер, 26-сы – әйел, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан өз тарихында жазғы Олимпиадада 71 жүлде алса, оның 18-ін әйелдер жеңіп алған.
Әйелдер арасынан бірінші жүлдені 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 110 метрге кедергімен жүгіру сайысынан Ольга Шишигина иеленді.
Ең көп 3 медальді 3 қарғып секіруден Ольга Рыпакова алды.
Ең көп 5 жүлде: ауыр атлетика - 5 жүлде, күрес - 5 жүлде.
1996 жыл. Атланта Олимпиадасы.
96 қатысушы (72 ер, 24 әйел)
11 жүлдені де ерлер алды.
2000 жыл. Сидней Олимпиадасы.
130 қатысушы (86 ер, 44 әйел)
6 жүлдені ер және әйелдер арасындағы алғашқы жүлде Ольга Шишигинаға тиесілі.
2004 жыл. Афина Олимпиадасы.
114 қатысушы (71 ер, 43 әйел)
8 жүлдені ерлер алды.
2008 жыл. Бейжің Олимпиадасы.
130 қатысушы (60 ер, 70 әйел)
6 жүлдені ерлер, 3 жүлдені әйелдер еншіледі.
2012 жыл. Лондон Олимпиадасы.
113 қатысушы (73 ер, 40 әйел)
7 жүлдені ерлер, 4 жүлдені әйелдер еншіледі.
2016 жыл. Рио Олимпиадасы.
101 қатысушы (55 ер, 46 әйел)
10 жүлдені ерлер, 8 жүлдені әйелдер еншіледі.
2021 жыл. Токио Олимпиадасы.
97 қатысушы (64 ер, 33 әйел)
6 жүлдені ерлер, 2 жүлдені әйелдер еншіледі.
