Жаңалықтар

Жазда курорттық аймақтарға қатынайтын әуе рейстері мен пойыздар саны артады

Жазда курорттық аймақтарға қатынайтын әуе рейстері мен пойыздар саны артады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 28.05.2024 07:30 358

Туристік маусым қарсаңында Көлік министрлігі еліміздің курорттық аймақтарына қатынайтын әуе рейстері мен теміржол пойыздарының санын арттыру шеңберіндегі жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Астана мен Алматыдан аптасына 36 рейс жиілігімен Балқаш және Алакөл көлдеріне әуе рейстері орындалады. Оның ішінде ұшақтар 33 жиілікпен Алакөлге, 3 жиілікпен Балқашқа дейін ұшады.

  1. Алматы қаласынан:

Үржарға дейін (субсидияланатын рейс): аптасына 7 рет «Южное небо» әуе компаниясымен орындалады. Сондай-ақ биыл 1 шілдеден бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосады;

- Үшаралға дейін (субсидияланатын рейс): аптасына 10 рет «Южное небо» әуе компаниясы орындайды. Сонымен бірге 16 маусымнан бастап Qazaq Air әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қоспақ;

- Балқашқа дейінгі коммерциялық рейстерді «Южное небо» әуекомпаниясы орындайды, аптасына 3 рейс (сәрсенбі, жұма, жексенбі);

  1. Астана қаласынан:

- Үржарға 1 маусымнан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосады;

- Үшаралға биыл 16 маусымнан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Алакөл көлінің бағытында қосымша 3 Тальго пойызы мен 3 стандартты пойыз жүре бастайды:

1.​№254/253 "Астана-Достық” (тальго);

2.​№211/212 "Алматы-Достық"(тальго);

3.№207/208 "Алматы-Достық"(тальго);

  1. ​№221/222 "Алматы-Достық"(стандартты);
  2. ​№457/458 "Семей-Достық"(стандартты);
  3. ​№459/460 "Өскемен-Достық" (стандартты);

7.​№21/6942/6941/22 "Алматы-Достық" (тіркеме вагон);

8.​№21/6942/6941/22 "Қызылорда-Достық" (тіркеме вагон);

Бүгінгі таңда аталған бағыттарда үш пойыз жолаушыларды тасымалдайды. Атап айтқанда, №337/338 "Алматы-Достық", №6941/6942 "Ақтоғай-Достық", №53/54 "Астана-Достық" және "Астана-Достық" бағытындағы вагондар (№121/122 "Астана-Семей" пойызының құрамында, 3 купе вагон).

Жалпы саны 12 пойыз қатынайды.

Сонымен қатар сұранысқа ие келесі бағыттар бойынша коммерциялық пойыздарды іске қосу қарастырылуда:

* №201/202 Астана-Алматы

* №203/204 Астана-Шымкент

* №257/258 Орал-Астана

Қазіргі таңда қолданыстағы бағыттар бойынша жылжымалы құрамды жазғы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, желдету және ауаны баптау жүйелерін қайта жаңғырту, ауа сүзгілерін ауыстыру, сумен жабдықтау жүйесін жуу және дезинфекциялау, вагондардың электр жабдықтарын тексеру бойынша іс-шаралар атқарылуда. Сондай-ақ тамбурларды, жылыту жүйелерінің құбырларын және басқа да бөлшектерді сырлау әрі вагон шанақтарын жуу жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға