Жаңалықтар

Жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін Түркістан облысының тұрғыны сотталды

Жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін Түркістан облысының тұрғыны сотталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 30.04.2025 13:39 213

Түркістан облысының тұрғыны 2023 жылы бұзақылық және қорқытып алу қылмыстары бойынша бас бостандығынан шектеу жазасына тағайындалып, пробациялық бақылауға алынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда аталған тұлға мемлекет тарапынан түзелуіне мүмкіндік берілгеніне қарамастан қайта қасақана жаза өтеу тәртібін бұзған.   Ағымдағы жылдың қаңтар айында оған қатысты заңсыз атыс қаруын алып жүргені бойынша ҚК 287-б. 3-б. сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Сондай-ақ, ол пробация есебінде бола тұра, жаза өтеу барысында пробация қызметіне себепсіз тіркелуге келмеген және электрондық бақылау құралын шешкен, жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын заңсыз басқарған. Осыған байланысты пробация қызметі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсынымды сотқа жолдаған.

Бірінші сатылы сот қаулысымен  жазаның  өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсыным қанағаттандырусыз қалдырылған. Облыс прокуратурасы тұлғаның қайта түзелмегенін, қоғамға жат қылықтар жасауға бейім екенін ескеріп апелляциялық өтінішхат енгізді. Нәтижесінде бірінші сатыдағы сот актісі жойылып, сотталған түзеу мекемесіне жіберілді. Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға