Жайықтан Каспийге қанша тасқын су жіберілді? Министр жауап берді
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы
25.06.2024 13:00
648
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жайық өзенінен Каспийге 5 млрд текше метрден астам астам тасқын су жіберілгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр Қазақстан мен Ресей Жайық өзеніне қатысты келісім жүргізіп, ортақ мәмілеге келген-келмегені және Жайық арқылы келетін су көлемінің ұлғаюына қатысты түсінік берді.
Ресей Федерациясымен бес өзен бойынша арнайы жұмыс топтар құрылады. Жылына екі рет отырыс өтеді. Сол жерде кесте бекітіліп, жоспарларға сәйкес жұмыс жүргізіледі. Бізде былтыр да, биыл да кестеге сәйкес еш өзгеріс болған жоқ. Қазіргі таңда Жайық өзені бойынша Каспийге 5 млрд текше метрден астам тасқын су жіберілді, – деді Нұржан Нұржігітов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Боксшы Серік Сәпиевтің спорттағы жолы