Жаңалықтар

Жайық өзеніне дронның көмегімен мониторинг жүргізілуде

Жайық өзеніне дронның көмегімен мониторинг жүргізілуде
Фото: ОКҚ 29.04.2024 11:20 665

Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 км астам бөгет салынды. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 207 мыңнан астам текше метр су сорылды, - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Республика бойынша 38 521 адам өз үйлеріне оралды. 6 726 адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан. Су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Бұған дейін Алматы қаласынан, Қарағанды облысынан Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барған Қорғаныс министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда.

Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің күштері Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға