Жаңалықтар

Жайық өзенінің қышқылдық құрамы артып барады

Атырау қаласындағы су тазарту қондырғыларында Жайық өзенінен алынған су құрамына талдау жүргізіледі.
Жайық өзенінің қышқылдық құрамы артып барады
Фото: ашық дереккөзден 22.09.2022 06:07 997

Атырау қаласындағы су тазарту қондырғыларында Жайық өзенінен алынған су сынамаларынан фенол табылды, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау қаласындағы су тазарту құрылғыларының бас технологы Жәмила Исағалиеваның айтуынша, Жайық өзенінен алынған су тазартудан өткізіледі.

Суда тазарту кезінде бірде-бір реагент мөлшерінен асып кетпеген. Ал, залалсыздандыру жұмысы санитариялық нормалар мен ережелерге сай жүргізіліп жатыр.

Атырау қаласындағы су тазарту қондырғыларында Жайық өзенінен алынған су құрамына талдау жүргізіледі. Талдау үшін іріктелген су сынамаларынан фенол алғаш рет 12 қыркүйекте табылды. Сынамалар Жайық өзенінен 6 метр тереңдіктен алынды. Фенолдың мөлшері литріне 0,0003 микрограмм. Соңғы күндері фенолдың мөлшері литріне 0,0004 микрограммға дейін көбейді. Таза суда фенол мүлдем болмауы керек. Фенолдың табылуына, Жайық өзенінде балдырдың көбеюіне байланысты қалалық желілерге жеткізілетін ауыз суды тазарту күшейтілді. Суды тазарту үшін үш есе күкірт қышқылды алюминий, полимер приестол және хлор пайдаланылады, -дейді Жәмила Исағалиева.

Оның дерегіне қарағанда, суға қосылатын реагенттер сүзгіден өткізіледі. Залалсыздандыру үшін хлор суын жіберіледі. Суды тазарту кезінде фенол хлорлы сумен байланысып, жағымсыз иіс береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға