Жаңалықтар

Жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: © El.kz 12.03.2024 09:46 667

Семейде жаяу жүргінші қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Абай облыстық ПД мәліметінше, Қаржаубайұлы көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 31 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.

Ол әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері көлік корпусының сынықтарын тауып, сол арқылы қашып кеткен автомашинаны анықтады. Ол облыс орталығының 20 жастағы тұрғынына тиесілі Toyota Estima болып шықты.

Жаяу жүргіншіні қағып кету бойынша тергеу полиция департаментінің ерекше бақылауында. Жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткені үшін жауапқа тартылды. Автокөлік сол күні арнайы автотұраққа орналастырылды, - деп атап өтті Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.

Дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Бұл факт ерекше бақылауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға