Жаңалықтар

Жаяу әкімдер: қала басшылары қызметтік көлігінен түсе ме?

Жаяу әкімдер: қала басшылары қызметтік көлігінен түсе ме?
Фото: Коллаж El.kz 20.04.2023 13:00 1658

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өткен кеңесте қалалардың сұрықсыз көрінісін сынап, мұны назарынан тыс қалдырып жүрген әкімдерге жаяу жүруді тапсырды. Осы ретте El.kz ақпараттық агенттігі бұған дейін жаяу жүріп, көзге түскендерді тізіп шықты.

Президенттің бұл ойы уақыттың тығыздығын, жұмыстың көптігін алға тартатын шенеуніктердің көңілінен шыға қоюы екіталай. Дегенмен жергілікті тұрғындар күнделікті кездесетін, өзің өмір сүретін ортаның шынайы проблемасын көріп, түсіну үшін бағыты сызылып қойған қызмет көлігінен ара-тұра болсын түсіп, жаяу жүріп немесе қоғамдық көліктерге мініп көру артық болмас. Қаптаған орынбасарлармен емес, жалғыз.

Негізі әкімдер арасында бұл үрдіс бұған дейін де болған. Өзі басқарған өңірді велосипедпен немесе автобуспен аралап көрген қала басшыларының суреттерін талай рет көрдік. Мәселемен бетпе-бет келгендері солард тез арада шешу жолдарын да ұсынып жатты. Айталық, Алматы әкімі Ерболат Досаев BRT-ның жұмысын көру үшін автобуспен жүргенін айтқан болатын. Тіпті №32 автобусты жарты сағаттан астам уақыт күткенін, енді қоғамдық көлік тапшылығын жою үшін 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алынатынын алға тартты.

Жаяу әкімдер: қала басшылары қызметтік көлігінен түсе ме?

Оңтүстік астананың бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек те автобуспен жүріп көрген.

Жаяу әкімдер: қала басшылары қызметтік көлігінен түсе ме?

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Әбілқайыр Ысқақов та лық толған автобусқа мініп көріп, қоғамдық көліктерге бөлінетін қаржы ұлғайса да, қызмет сапасы артпағанын айтып ашуланған болатын. Тіпті орынбасарларына да қызмет көліктерінен түсіп, қоғамдық көлікпен жүруге кеңес беріп еді, алайда бұл сөзге ешкім құлақ аспаған секілді.

Бұл қызметте Ысқақовты алмастырған Асайын Байханов та қоғамдық көліктер мәселесін шешу үшін автобустар сатып алынғанын, солардың бірін өзі де тізгіндеп көргенін әлеуметтік желіде жариялады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)

Наурыз мерекесі қарсаңында облыс әкімі автобуспен жүргенін тағы желіге салып, халыққа жақын екенін аңғартқандай болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)

Бір кездері Қарағанды облысының әкімі болған Ерлан Қошанов Қарағанды қаласының әкімі мен әкімдік қызметкерлеріне қоғамдық көлікпен жүруді тапсырған болатын.

Ал Шымкент әкімі лауазымын атқарған жылдары Ғабидулла Әбдірахымов қаланы автобуспен де аралап көрді, қызметтік көлігін де велосипедке ауыстырды. 

Жаяу әкімдер: қала басшылары қызметтік көлігінен түсе ме?

Ғабидулла Рахматоллаұлы велосипедпен жүрудің проблемаларды көзбен көруге де, денсаулыққа да пайдасы зор деген еді.  

Жаяу әкімдер: қала басшылары қызметтік көлігінен түсе ме?

Талдықорған әкімі Әсет Масабаевтың автобуста отырған суреті әлеуметтік желіде тараған. Тұрғындар шаһар басшысына шағымдарын да жеткізіп үлгерген.

Жаяу әкімдер: қала басшылары қызметтік көлігінен түсе ме?

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев қала орталығын автобуспен аралаған болатын.

Жаяу әкімдер: қала басшылары қызметтік көлігінен түсе ме?

Жаяу әкімдер: қала басшылары қызметтік көлігінен түсе ме?

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға