Жаңалықтар

Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиадаға 600 оқушы қатысады

Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиадаға 600 оқушы қатысады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 06.01.2024 22:24 913

8-13 қаңтары аралығында Алматы қаласында Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиада өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды әлемнің 14 елінен 55 команда, 600-ге жуық оқушы қатысады.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, оларды интеллектуалдық тұрғыда одан әрі дамыту және кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау, оқушылар арасында физика, математика және IT білімдерін тарату және насихаттау, сондай-ақ басқа елдердің физика-математикалық мектептерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Ескере өтейік, үш жыл бойы онлайн форматта өткізілген олимпиада биыл оффлайн форматта ұйымдастырылады. Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты осы жылдың 8 және 13 қаңтарында Almaty Theatre-де өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға