Жаңалықтар

«Жатақханаларда 20 мың орын тапшы». Министр мәселені қалай шешіп жатқанын айтты

«Жатақханаларда 20 мың орын тапшы». Министр мәселені қалай шешіп жатқанын айтты
Фото: © Pixabay.com 14.02.2024 12:06 640

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жатақханаларда 20 мың орын тапшы екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден жатақханадағы орын тапшылығы қашан жойылатынын сұрады.

Біздің демографияға қарасаңыздар, дефицит ешқашан жойылмайды. Оны азайтуға болады. Біздің жоспарымыз 2027-2028 жылға дейін 7-10 мың көлеміне дейін түсіру. Ол үлкен дефицит емес. Негізі екі қаладағы мәселені шешсек, басқа өңірлерде ондай үлкен тапшылық жоқ. Бұл – Астана мен Алматы қалалары. Қазір ақырындап Ақтөбе, Шымкент, Түркістанда да демография көтеріліп жатыр. Сондықтан да қазіргі таңда қолданып жатқан шараларамыз мәселені шешеді. Арнайы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік деген ұсыныспен шықтық. Биыл қабылданады, - деп жауап берді министр.

Саясат Нұрбек жекеменшік секторда жатақханалар мен корпустар көбірек салынатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға