Жатақханада тамақ пісірген көкшетаулық өртеніп кете жаздады
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
13.08.2024 20:05
1047
Көкшетауда жатақханалардың біріндегі бөлмеде өрт шыға жаздады. Белгілі болғандай, бөлме иесі картоп қуырып, оны өшіруді ұмытып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық ТЖД құтқару қызметіне тұрғындардың бірінен жатақхананың 4-қабат терезесінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға бүгін, 13 тамызда болған.
ТЖД қызметкерлері шақырту бойынша мекенжайға келген кезде түтін шыққан бөлме пәтері ішінен жабық болған. Оны ашқан сәтте газ плитасында қуырылған картоп күйіп кеткені анықталған. Ал бөлме иесі ұйықтап қалған.
Құтқарушылар оны сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада «Дала қасқыры» фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты