Жаңалықтар

«Жатақхана»: 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды

«Жатақхана»: 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 20.11.2023 23:56 567

Бір апта ішінде ТЖМ ІІМ-мен бірлесіп «Жатақхана» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД, полиция, әкімдіктердің қызметкерлерінен, волонтерлерден, жұртшылық өкілдерінен құралған бірлескен мобильді топтар жатақханалар мен хостелдерде рейдтік іс-шаралар өткізді.

Елімізде барлығы 1 мыңнан астам рейд жүргізілді. Аса жиі кездесетін бұзушылықтар тұрғындардың ең көп санын орналастыру мақсатында үй-жайларды қайта салу қолдан жасалған ұзартқыштар мен жылытқыштарды, ақауы бар электр құрылғыларын, зақымдалған оқшаулауы бар электр сымдарын пайдалану  болды.

Рейдтердің қорытындысы бойынша 734 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жатақханалар мен хостелдердің, оның ішінде олар үшін қайта жабдықталған жеке тұрғын үйлер мен коттедждердің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 928 жиын және олардың иелерімен 670-тен астам кездесу өткізілді.

16 мыңнан астам адам сауалнамамен және түсіндіру жұмыстарымен қамтылды. Жатақхана мен хостел иелерімен 165 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғын үйдің өртке қарсы жай-күйін тексеру жүргізілді, тұрғындарға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар берілді.

Жеке тұрғын үйлерді жатақханалар мен хостелдер ретінде қайта жабдықтау өрт қауіпсіздігі саласындағы кейде сақталмайтын қосымша талаптарды орындауға әкеп соғады.

Жатақханалар мен хостелдердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға