Жаңалықтар

«Жасым үлкен деп әңгіме айта беруге болмайды». Еділ Жаңбыршин эколог Мэлс Елеусізовпен келіспей қалды

«Жасым үлкен деп әңгіме айта беруге болмайды». Еділ Жаңбыршин эколог Мэлс Елеусізовпен келіспей қалды
Фото: t.me/mazhilis_kz 15.02.2024 17:14 11543

Мәжілістегі дөңгелек үстел кезінде Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитеті төрағасы Еділ Жаңбыршин мен «Табиғат» экологиялық одағы төрағасы, бұрын Қазақстан президенттігіне үміткер болған Мэлс Елеусізов жанжалдасып қалды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Дөңгелек үстелде ағын суларды қайта пайдалану және суды үнемдеу мәселесі талқыланып жатты. Жаңбыршин мен Елеусізов арасында сөз сөйлеу регламентіне қатысты дау туды. 

Төраға мырза, мені тыңдауыңызды сұраймын, біз өте қауіпті техногендік апат алдында тұрмыз. Маған бөлек мәселе бойынша сөз сөйлейсіз деп айтқан, ал шын мәнінде… Менің министрге қолдау ретінде айтқаным ұсыныс қана еді, – деді Елеусізов Жаңбыршинге. 

Жаңбыршин одан регламентті сақтауын сұрап, сөз сөйлеуге уақыты болғанын атап өтті. Бірақ Елеусізов бұған келіспеді. 

Мен басқа суды айтып тұрмын ба? Мен мәселе туралы сөз қозғағым келіп тұр. Қандай уақыт туралы айтып тұрсыз? Мыңдаған адамның өлімі мәселесі тұр, ал сіз оны ойлап тұрған жоқсыз, – деп шүйлікті ол. 

Мәжіліс комитетінің төрағасы оған жауап беріп, президенттікке экс-үміткерден эмоцияға берілмеуін сұрады. 

Тоқтаңыз, айқайламаңыз, тынышталыңыз. Сіз әуелі тыңдаңыз. Айттық қой, әр адам сұрақ қоя алады. Егер нақты сұрағыңыз болса, қоя беріңіз. Ал сөйлеуге уақыт бердік қой. Сіз мұздықтар туралы айтып кеттіңіз. Сұрақты кейін қоям деп айттыңыз емес пе. Сізге сөз береміз, – деп ескертті Жаңбыршин. 

Бірақ Елеусізов Балқаш көлі мәселесін айтуға жеткілікті уақыт бермегенін айтып шағымданды. 

Мен сұрақтар туралы айтып тұрған жоқпын. Бүгін мені бұл кеңеске есеп беруге шақырғанын түсініп тұрмын. Жәй ғана министрлікті қолдап сөз сөйледім, ұсыныс айттым, болды, – дед ол. 

Асықпаңыз, қайда асығасыз? Дөңгелек үстел әлі біткен жоқ. Қазір бәріне сұрақ қоюға мүмкіндік береміз. Сұрақ-жауап болып жатыр, содан кейін айтарыңыз болса, айтыңыз. Сөз сөйлеуі керек басқа да адамдар бар, экологияға жаны ашып жүрген сіз ғана емес. Бәріміздің жанымыз ашиды. Жиынның шырқын бұзбаңыз. Мұнда басқарып отырған адам бар. Кездесу әлі аяқталған жоқ. Микрофонды өшіріңіз. Қазір тіпті үзіп тастаймыз. Тәртіп сақтаңыз. Жасым үлкен деп әңгіме айта беруге болмайды. Бұл – мемлекеттік орган, парламент, базар емес, – деп ашуланды Жаңбыршин. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға