Жаңалықтар

"Жасыл мекен" челленджі аясында 187 мың көшет отырғызылды

"Жасыл мекен" челленджі аясында 187 мың көшет отырғызылды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 13.05.2023 17:16 1655

Астанада «Жасыл мекен» республикалық челленджі аясында 200 мыңға жуық тал көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған экологиялық акцияға еліміздің жеті мыңнан астам орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.  Олардың қатарында педагогтер, ата-аналар, оқушылар мен студенттер, сондай-ақ Оқу-ағарту министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары бар.

«Жасыл мекен» республикалық челленджі Астана уақытымен  сағат 12:00-де басталды. Ақмола облысының №1 Қоянды мектебінің оқушыларымен бірге көшет отырғызуға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қатысты. 

ҚР Оқу-ағарту министрі республикалық іс-шараның маңыздылығын атап өтіп,  оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, еңбекқорлыққа шақырды.

Бұл челлендждің негізгі мақсаты – барлық Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды, ұстаздарды табиғатымызды аялауға, оны қорғауға және ең бастысы еңбекқорлыққа баулу. Көшет, жасыл-желек отырғызып біз еңбектенуді, туған жерге жанашыр болуды үйренеміз. Бұл дәстүрлі шараға ұласып, қоғам үшін үлгі болуы тиіс, - деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, экологиялық мәдениетті дамыту мен туған өлкенің табиғатын аялауға негізделген челлендж аясында ел бойынша 187 мың көшет,150 мың гүл егілді. Іс-шараға 9,10 және 11 сыныптардан 750 мыңға жуық оқушы қатысты. Челленджге атсалысқан 25 мыңға жуык педагог жас ұрпақты еңбекқорлыққа баулып, оларға үлгі көрсетті.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға