Жаңалықтар

«Жастармен бірге» республикалық байқауы басталды

«Жастармен бірге» республикалық байқауы басталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.08.2023 12:40 1615

Байқауды «Ules» жобасын іске асыру шеңберінде «Алматы студенттік Альянсы» КС ұйымдастырады. Оған 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байқау жеңімпаздарының есімдері 2023 жылдың қараша айында белгілі болады. Олар 20 номинация бойынша марапатталмақ.

  1. Жастарға жақын әкім;
  2. Жастарға жағдай жасаған аймақ/ауыл;
  3. Жастары белсенді өңір;
  4. Жастар саясатына ULES қосқан аймақ/ауыл;
  5. Креативті өңір;
  6. Инновациялық аймақ/ауыл;
  7. Жыл жаңалығы;
  8. Smart аймақ/ауыл;
  9. Инфрақұрылымы дамыған аймақ/ауыл;
  10. Бірлігі жарасқан мекен;
  11. Жаңашыл әкім;
  12. Экономикалық дамыған аймақ/ауыл;
  13. Туристтік өлке;
  14. Smart жастар;
  15. Бірлігіміз жарасқан;
  16. Үздік жас маман;
  17. Жастар көшбасшысы;
  18. Қайырымды қоғам;
  19. Ең жас көшбасшы;
  20. Кемел қоғам.

Байқаудың басқа номинациялары мен конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімдері, сондай-ақ байқау кезеңдері туралы жоба жетекшісі Жасұлан Қуандық толығырақ айтып берді.

«Жастармен бірге» республикалық байқауы басталды

Байқаудың жүзеге асырылуы алты кезеңнен тұрады. Байқауға қатысуға өңірлерден өтінімдерді қабылдау бүгін басталды, 23 тамызға дейін жалғасады. «OzgerIS» менторлық бағдарламасы 23 тамыздан 10 қазанға дейін болады. Ал ІІІ кезең «Face to face» кездесулер алаңы деп аталады. Ол 23-31 тамыз аралығында. IV кезеңде бейнероликтер байқауы, қыркүйек айының 1-інен 31-іне дейін. V кезең «Жеті жарғы» танымдық алаңы, VI кезеңде «Бірлігі жарасқан» дауыс беру ортасы болады, - деді ол.

Байқауға қатысу талаптары:

- Байқауға ҚР аймағында орналасқан ауыл, шағын қала, аудан, қала атынан команда жинақтап, құрылған топ қатыса алады.

- Әр облыстан кем дегенде 10 топ және республикалық маңызы бар қалалардан кем дегенде 5 топ байқауға қатысушы ретінде тіркелуі қажет;

- Байқауға өңір атынан ұсынылған топта кем дегенде 15 адам (қатысушылар санына шектеу жоқ) болуы тиіс;

- Топ бойынша ұсынылған әр қатысушы үшін ұпай беріледі. Егер де белгілі бір өңірдің ауыл саны өте аз болған жағдайда, көршілес ауылдармен бірлесе отырып, топ құруларына рұқсат етіледі.

- Байқауға қатысуға ұсынылған әрбір жас азамат «Ules» қозғалысының мүшесі атанады;

- Әрбір байқауға қатысушы жас азамат ulesqos.kz сайтына тіркелуі тиіс;

- Топ құрамы ретінде ұсынылған жастар атынан бір жетекші сайлануы тиіс және бұл тұлға «Ules» қозғалысының сол өңірдегі өкілі ретінде уәкілеттілікке ие болады.

- Байқауға қатысатын топ құрамында сол өңірдің 14-35 жас аралығындағы жастарымен қатар міндетті түрде мемлекеттік орган өкілі (ауыл/шағын қала/аудан/қала әкімі, әкім орынбасары, Жастар саясаты басқармасының басшысы және т.б.) қатысуы тиіс; Мемлекеттік орган өкілінен қатысқан тұлғаның лауазымына байланысты тиісті ұпай беріледі. Мемлекеттік орган өкілі байқау аясындағы іс-шаралардың біріне қатысу арқылы топ мүшесі екендігін білдіреді.

- Байқау кезеңдер бойынша өткізіледі.

- Байқауға қатысушы топтардың өтінімі қабылданғаннан кейін байқаудың барлық кезеңдеріне белсенді қатысуға міндетті;

- Байқау кезеңдері ереженің келесі бөлімдерінде әр кезең бойынша ұсынылған ақпараттар негізінде ұйымдастырылады;

- Байқаудың әр кезеңіне қатысуы үшін қатысушы топ осы ереженің келесі байқау кездеңдеріндегі талаптар мен қағидаларды орындауы тиіс.

Жоба жетекшісі Жасұлан Қуандықтың айтуынша, байқау жеңімпаздары Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталмақ.

«Жастармен бірге» республикалық байқауы басталды

Конкурсқа қатысу үшін ulesqos.kz сайтында тіркелу қажет. Конкурсқа әр облыстан кемінде 10, республикалық маңызы бар қалалардан кемінде 5 топ қатыса алады. Әр топ кем дегенде 15 адамнан құралуы қажет. Әр топтың құрамында 14 пен 35 жас аралығындағы өңір жастарымен қатар мемлекеттік органның өкілі болуы тиіс. Бұл ауыл немесе аудан әкімдері, әкімдердің орынбасарлары, сондай-ақ жастар саясаты басқармаларының басшылары болуы мүмкін. Үздіктер Тәуелсіздік күні қарсаңында жобаның демеушілері мен меценаттарынан дипломдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады, - деді Жасұлан Қуандық.

Аймақтардағы конкурсқа жауапты тұлғалардың байланыс нөмірлері мен қосымша ақпарат ulesqos.kz сайтында қолжетімді.

Айта кетейік, орта мерзімді «Ules» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба 2024 жылдың соңында аяқталады.

Жоба операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы. Сонымен қатар ол брифингке қатысушыларды жоғарыда аталған жоба аясында әзірленген ulesqos.kz сайтымен де таныстырды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға