Жаңалықтар

Жастарға кредит беруде қандай шектеулер бар? Мәдина Әбілқасымова жауап берді

Жастарға кредит беруде қандай шектеулер бар? Мәдина Әбілқасымова жауап берді
Фото: © Pixabay.com 06.03.2024 14:01 1312

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жастарға кредит беруде қандай шектеулер барын айтты, деп хабарлайды EL.kz aқпарат агенттігі.

Ведомства басшысының сөзінше, қаржы ұйымдары енді кредитті жастарға тек ресми түрде тіркелген табыстары немесе кірістері болған жағдайда бере алады. Яғни, бұл 18 бен 21 жас арасындағы азаматтарға арналған шектеу. 

Депутаттар тарапынан жастарға кредит беруді толығымен шектеу бойынша ұсыныс түсті. Біз бұл мәселені талқылай келе, жастардың кредит алуға мүмкіндігі болу керек деген шешімге келдік. Бірақ оны алу үшін ресми түрде тіркелген табысы қажет. Оның үш түрі бар. Біріншіден шәкіртақысы, екіншіден жалақысы, үшіншіден басқа да табыстары болса болғаны. Бірақ ресми түрде тіркелген табыс болу керек, – деді Әбілқасымова. 

Журналистер студенттер сол шәкіртақыға несие алып жатқанын, кез келген азаматтың табысы  екі жүз мың теңге болу қажеттігін, одан төмен болса кредит бермеу ұсынысын айтты.

Оның шектеу сомасы қазіргі уақытта жоқ. Борыш жүктемесі коэффициентіне қарау керек. Борыш жүктемесі коэффициенті қазіргі уақытта 50 пайызды құрайды. Мысалы, стипендиясы 50-60 мың теңге болса, ай сайын кредит бойынша төлейтін сомасы осы 50-60 мың теңгенің 50 пайызынан аспауы тиіс. Қазіргі уақытта он сегіз бен жиырма жас арасындағы 480 мың жастың (тұтынушылық) қарызы бар. Бірақ бұл проблемалық қарыздар емес. Ал проблемалық қарыз алушылардың саны 47 мың адам. Ресми түрдегі табысы болса, Конституция бойынша кредит алуға олардың құқығы бар. Ал табысы жоқ студенттерге кредит алуға рұқсат берілмейді, – деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға