Жаңалықтар

Жастардың денсаулығын тексеру некеге тұруға тыйым салмайды – ДСМ

Жастардың денсаулығын тексеру некеге тұруға тыйым салмайды – ДСМ
Фото: El.kz 31.05.2023 13:18 726

Денсаулық сақтау министрлігі Аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова үйленетін жастардың денсаулығын тексерістен өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, министрлік үйленетін жастарға денсаулығын тексертуді міндеттемейді.

«Әрбір әйел – әрбір бала» атты тұжырымдама жобасы әзірленді. Жобаны әзірлеуге мамандар тартылды. Некеге тұрмаған жас отбасыларға денсаулық паспортын енгізу жобасы әзірленді. Бұл жоба аясында некеге тұрмас бұрын қыздар мен жігіттерді профилактикалық тексеру көзделіп отыр. Бұл жастардың генетикалық саулығын сақтау үшін жасалып отыр. Жас отбасылар некеге тұрмас бұрын ерікті түрде тексеруден өтеді. Өзінің денсаулығы туралы толық ақпарат ала алады. Бұл тұжырымдама некелесуге болмайды дегенді білдірмейді. Некеге тұруға тыйым салмайды, - деді ол.

Жастардың денсаулығын тексеру некеге тұруға тыйым салмайды – ДСМ

Оның сөзінше, бұл жастардың денсаулығын тексеріп, жоспарлы жүктілікке дайындалу үшін жасалып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға