Жаңалықтар

Жастар асыға күткен «Рэкетир-2» фильмі көрерменге жол тартады!

28 мамырдан бастап «Рэкетир-2» фильмі Қазақстанда, Қырғызстанда, сондай-ақ Ресейдің кей аймақтарында (Бурятия, Якутия) көрерменге жол тартады.
28.05.2015 10:50 7653

28 мамырдан бастап «Рэкетир-2» фильмі Қазақстанда, Қырғызстанда, сондай-ақ Ресейдің кей аймақтарында (Бурятия, Якутия) көрерменге жол тартады.

Жастар асыға күткен «Рэкетир-2» фильмі көрерменге жол тартады!

«Рэкетир-2» фильмі
Режиссері: Ақан Сатаев
Сценариін жазған: Тимур Жақсылықов
Оператор: Хасан Қыдыралиев
Жанры: драма, криминал...
Актерлік құрамы: Аружан Жазылбекова, Әсел Сағатова, Аян Өтепберген, Фархад Абдраимов, Саят Исембаев, Жан Байжанбаев, Азамат Сатыбалды, Дәстен Шәкіров
Жастар асыға күткен «Рэкетир-2» фильмі көрерменге жол тартады!

2007 жылы Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмі ұсынылғанда, көпшілік шынайы картина ұсынғаны үшін, «рэкет» тақырыбын жұп-жұмыр фильмге айналдырғаны үшін рахметін айтқан болатын. Ақан Сатаевтың да көпшілікке кеңінен танылуына, кейінгі түсірген фильмдеріне халықтың лек-легімен ағылуына сол «Рэкетир» фильмінің әсері мол.

«Рэкетир» фильмінің жарыққа шыққанына да 8 жыл өтіпті. Содан бері Сатаев түсірген бірнеше фильм жарыққа шықты. «Заблудившийся» (2009), «Ликвидатор» (2011), «Жаужүрек мың бала» (2012) атты фильмдері де көрерменнің жылы ықыласына бөленді. Бірақ, «Рэкетир» сияқты фильмнің әр сюжеті, әр сөзі халықтың талқысына түсіп, көпшіліктің жадында сақталған жоқ.  Араға 8 жыл салып, «Рэкетир» фильмінің жалғасын түсіруі де осыған байланысты болса керек. Оның үстіне 800 мың доллар шығындап түсірген фильм 1,2 млн табыс әкелгені тағы бар.

Жақында «Рэкетир-2» фильмінің алдын-ала көрсетілімі болды. Көпшілік жақсы бағасын беріп жатыр. 28 мамырдан бастап Қазақстанда, Қырғызстанда, сондай-ақ Ресейдің кей аймақтарында (Бурятия, Якутия) көрерменге жол тартады.

Ақан Сатаевтың «Рэкетир-2» атты драмасында басты қаһарман Саян Беккәрімов (Саят Исембаев) қылмыстық әрекеттерден алыстап, отбасының қамымен жүрген азамат. Әйтсе де, тыныш жүрген Саянды «ескі әдетіне» қайта әкелетін Русланның туған інісі Була (Дәстен Шәкіров) болатын. Ол Жанның сатқындығынан (Жан Байжанбаев) құрбан болған ағасының кегін алуды әу бастан-ақ көздеп жүрген екен. Сол мақсатта Саяннан көмек сұрап келеді.  

Жастар асыға күткен «Рэкетир-2» фильмі көрерменге жол тартады!

Бұл фильмнің жанры драма, криминал болғанмен, махаббат тақырыбын да естен шығармаған.

Актерлік құрамға келетін болсақ, Жан Байжанбаев және Саят Исембаевтың еңбегін айтуға болады. Азамат Сатыбалдының шеберлігі де фильмде айқын көрінген. Аружан Жазылбекова мен Аян Өтепбергеннің талпынысы жоғары баға қоюға лайық.

«Рэкетир-2» фильмінің бюджеті 900 мың  долларды құрайды. Осы жылдың ең табысты фильмі болуы мүмкін деп күтілуде. Өйткені, көпшілік бұл фильмді 8 жыл күтті. Тек қазақстандықтар үшін ғана емес, басқа да елдерде «рэкет» тақырыбы әлі де өтімді. Ақан Сатаевтың сөзіне қарасақ, бұл фильмнің үшінші бөлімі жарық түсірілуі мүмкін.


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Рекетир 2 смотреть онлайн, Рекетир 2 саундтрек, Рекетир 2 скачать, Рекетир 2 онлайн
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға