Жаңалықтар

Жастар арасында қылмыстың себептері қандай?

Қылмыстық іс қозғап, оларды жазалау проблеманың салдарымен күресу болып саналады. Аурудың себебін жоймасақ, салдарымен шексіз күресе беруге болады және оның мәні де жоқ.
16.10.2015 10:32 21135

Соңғы уақытта әлеуметтік желілердің жас жігіттер мен қыздардың қылмыстық әрекетке барып жатқанын жиі көретін болдық: көлікті мас күйінде жүргізіп, адам қағып кету; қоғамдық орында адамға қол жұмсау, алаяқтық және т.б. Қылмыстық іс қозғап, оларды жазалау проблеманың салдарымен күресу болып саналады. Аурудың себебін жоймасақ, салдарымен шексіз күресе беруге болады және оның мәні де жоқ. Осы себепті жастар арасындағы қылмыстың негізгі себептерін анықтап, оларды жойған абзал.

Бірінші себепке тоқталайық, көптеген азаматтардың пікірі бойынша батыстың боевик немесе өзге де зиянды фильмдердегі әрекеттерге еліктеушілік қылмыстың қазіргі деңгейіне алып келіп отыр. Мысалы, Ресейлік «Бригада» көп сериялы фильмі шыққаннан кейін қылмыстың саны артқаны байқалды. Осы тектес фильмдердегі кісі өлтіру, біреуді бопсалау және тағы да басқа тиым салынған әрекеттер бізге үлгі болып отыр. Бұл өте орынды себеп, дегенмен  бүкіл фильмдерді көрсетпей қою мүмкін емес. Бірақ сөзсіз шет елден келетін фильмдерге фильтр жасау дұрыс идея.

Екінші себеп – қылмыстың артуы нашақорлық пен алкоголизмнің салдары болып табылады. Әрине, ішіп алған адамның өз әрекетіне, мінезіне жауап беруі қиын және мас күйінде адам ненің дұрыс, ненің дұрыс еместігін ойламайды. Бұл негізгі себептердің пікірі. Осы мәселені шешпей біз жасөсіпірмдер арасындағы қылмыстың санын азайта қиынға соқпақ.

Үшінші себеп – ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіз болуы. Жеткілікті болғанның өзінде тәрбиен дұрыс берілмейді. Қазіргі ата-аналардың тәрбиесі бұрынғыдай емес, өзімшілдікке бір табан жақын, яғни 6 жасар баласы біреудің дәптерін жыртып қойса да өз баласын қорғап мұғалімді жер қылып кетеді, 12 жасар баласы біреудің мұрнын бұзса да өз баласын ақтап шығады.  Нәтижесінде сол ата-ана тек өзінікін дұрыс, өзгенікін бұрыс деп санайтын эгоист баланы тәрбиелеп шығарады. Ал сол әрбиені көріп өскен бала ертеңгі күні кісі өлтірсе де өзінікін дұрыс санайды, сол кезде тәрбие беруге тым кеш болады. Сондықтан құрметті ата-аналар өз баласының бұзықшылығын ақтамас бұрын ойлану қажет. Көшедегі кетіп бара жатып сәл біреумен сөзге келіп қалса болды, көке-жәкесін шақыра жөнеледі, компромиске келіп, сол жерді бейбіт тарқасып кету деген жоқ, бәрі көкірек, өзінің артық кеткенін мойындамайды. Сондықтан құрметті ата-аналар, өз балаңыздың бұзықшылығын ақтамас бұрын ойланған абзал. Ертеңгі күні тым кеш болады.

Осы орайда, мектептегі мұғалімдер беделінің төмен түскендігі де байкалады. Бұл  да қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Төртінші себеп – құқық қорғау органдарындағы парақорлық мәселесі. Бір бала қылмыс жасады делік және оны бәрі біледі. Ал осы кезде құқық қорғау органдары әлгі балаға жаза қолданудың орнына параны алып көз жұмып отыра береді, ал бұл жағдай келесі балаға теріс әсер етеді. Осы оқиғаны көрген жастар жазадан құтылуға болады деген ойға келеді. Нәтижесінде жасөсіпірімдер арасында құқықтық нигилизм (заңдарды мойындамау) пайда болады.  

Бесінші себеп – жастардың бос уақытын тиімсіз пайдалануы. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мемлекеттің жасап отырған жағдайы жеткіліксіз болып отыр. Мәселен, футбол ойнайын десең, тегін бір футбол алаңы жоқ, бәрі ақылы, аттап бассаң ақша, тек көшеге шығып жүгіру ғана тегін. Қолы бос  болғаннан кейін жастар ойына келгенін істеуі мүмкін. Сол себепті мемлекет тарапынан жастардың артық уақытын орынды пайдалануына мүмкіндіктерді молынан жасауы керек.

Қоғамда болып жатқан кез келген өзгеріс жасөспірімдерден көрініс табады. Сол үшін үлкен жаһандық мәселелерді шешеміз деп жүріп, жастарымызды назардан тыс қалдырып қоймайық.


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға