Жаңалықтар

Жастар Семейдегі өрттен зардап шеккен ауылдарға түскі ас ұйымдастырды

Жастар Семейдегі өрттен зардап шеккен ауылдарға түскі ас ұйымдастырды
Фото: Ақорда 11.06.2023 22:03 955

Республикалық жастар ұйымдары Абай облысындағы орман өрттерінің салдарын жоюға өз үлестерін қосып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлім етті.

Белгілі болғандай, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері зардап шеккен аудандардың тұрғындары мен құтқарушыларға гуманитарлық көмек көрсету үшін Абай облысындағы елдімекендерге барған.

Қазақстан студенттер Альянсы өңірдегі өрттерді жоюмен күресіп жатқан азаматтарға көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. Сонымен қатар Успен, Озерка, Талица және Бородулиха ауылдарында 300 адамға арналған түскі ас ұйымдастырылды. Абай облысындағы зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына қолдау жұмыстарына жастар ұйымдары белсенді түрде араласты, аймақтағы еріктілер штабы, жастар белсенділері де араласты.

Жастар ұйымдарының белсенділері мен волонтерлер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға