Жаңалықтар

Жастар саясаты туралы заң күшіне енді

Жастар саясаты туралы заң күшіне енді
Фото: life09.kz 28.02.2023 19:52 1627
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
"Бүгіннен бастап жастар саясаты туралы заңға енгізілген толықтырулар ресми түрде күшіне енді.Естеріңізде болса, Президент былтыр 26 желтоқсанда заңға қол қойған еді. Ережеге сай, заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сондықтан жаңа заңның барлық нормасы бүгіннен бастап жұмыс істейді. Соған сәйкес бұдан былай Қазақстандағы 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына қосылады. Бұл дегеніңіз елімізде жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға көбейді деген сөз. Ендеше мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көретін жастар саны да артады. Бұл Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып отырған реформалардың бір көрінісі екені анық", - деп жазды министр.
 
Бұл заңға сәйкес бүгіннен бастап, Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Яғни жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға дейін көбейді. Енді 35 жасқа дейінгі азаматтар жас отбасыларға арналған жеңілдіктерге ие болу, жеңілдетілген несие алу, т.б. игіліктерге ие болады.
 
Сонымен қатар, 1. Жастардың даму индексі; 2. Уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар); 3. Жастармен жұмыс жөніндегі маман; 4. Жастардың еңбек жасақтары ұғымдары ресми түрде қолданылады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға